Президент мемлекеттің кәсіпкерлікке араласуын шектейтін заңнама түзетулеріне қол қойды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
"Сары беттер" ("Yellow Pages Rule", негізгі принциптері: мемлекеттік компаниялардың үлестес құрылымдарды құруын шектеу, мемлекеттің бизнес жұмыс жасайтын экономика салаларына араласпау, монополияға қарсы органдардың ролін күшейту - 7kun.kz) ережелерінің принциптерін енгізу қажеттілігіне бүгінгі таңда Қазақстан бизнесі үшін байқалып отырған жағымсыз жағдай, экономиканың көп салаларында мемлекеттік компаниялардың тарапынан бәсекелестік қысымның көрсетілуі себеп болып отыр. Осыған байланысты, мемлекеттік сыңайлы секторда күрделі өзгертулер қажет", - деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, құжатты әзірлеушілер "Yellow Pages Rule" принциптерін ұстанатын АҚШ, Сингапур және Норвегия секілді елдердің тәжірибесін зерттеген.
Құжат нормалары жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды және үлестес компанияларды құруға қатаң шектеу енгізу, мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша белгіленген принциптерге сай келмейтін мемлекеттік компанияларды жекешелендіру, монополияға қарсы органның құзіретін күшейту арқылы іске асырылады.
"Сәйкесінше, осы принциптерге қарама-қайшы жолмен құрылған мемлекеттік қатысуы бар ұйымдар жекешелендірілуі тиіс, ал қатысу үлестері иеліктен шығарылуы тиіс", - деп түсіндірді министр.
Осыған байланысты заң монополияға қарсы органның мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға жөнсіз қатысуын айқындау мақсатындағы жыл сайынғы анализін өткізуін бекітетін норма енгізеді, осы анализ нәтижелері бойынша үкіметке бәсекелетік ортасына табысталуы тиіс мемлекеттік компаниялар мен қызмет түрлерінің тізімі бағытталатын болады.
Құжат жүз пайызық мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың міндетті таратылуын қарасырады, сондай-ақ оларды жекешелендіру туралы шешім қабыланғаннан кейінгі 2 жыл ішінде олар жекешелендірілмеген жағдайда мемелекеттің қатысу үлесі шеттетіледі.
Сонымен қатар қоғамдарды копоративтік сайттарында ірі акционерлері туралы ақпаратты, бұған қоса өзге заңды тұлғада басқарушы лауазымды немесе басқа негізгі қызметті қоса атқаратын қоғамның басқару органының мүшелері туралы мағлұматы орналастыруды міндеттейтін норма енгізіледі, мұнда осындай мүшенің өзге заңды тұлғадағы құзіреті мен міндеті туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Бұған дейін бұл заң жобасын мәжіліс мақұлдағаны туралы жазған едік.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024