Астана. 30 мамыр. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменовпен кездесті. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Әлихан Бәйменов елбасын Аймақтық хабтың бүгінгі таңдағы нәтижелерімен таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Хабтың аймақтық және аймақаралық серіктестіктің нығаюына және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін үлес қосады дейді Бәйменов. Бүгінде ол мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе таратуға арналған Сингапур орталықтарымен қатар тұр. Сонымен бірге Астана хабы қатысушыларының саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға көбейді. БҰҰ, Еуропалық одақ, АҚШ, Қытай, Түркия және ТМД елдері серіктес, қатысушы болып қана қоймай, аталған платформаның тиімділігін мойындап, хабтың іс-шараларын қаржыландырады. Кездесу нәтижесінде елбасы отандық мемлекеттік қызмет саласына инновациялар мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024