Астана. 30 қыркүйек. 7kun.kz – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев қатысады. Бұл туралы партияның кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Пртияның кезектен тыс ХХ съездің басты міндеті 2022 жылғы 20 қарашада өтетін ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ұсыну болды.
Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.
Жигули Дайрабаев 1954 жылы дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы саласының маманы. Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы.