Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Жұмағалиев пен Досаевтың Үкіметке оралу себебін айтты

Президент Жұмағалиев пен Досаевтың Үкіметке оралу себебін айтты

Астана. 4 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаевтың Үкіметке оралу себебін айтты.

Асқар Жұмағалиев жаңа қызметінде цифрландырумен, Ерболат Досаев макроэкономикамен айналысатын болады.

"Цифрлы Қазақстан"- дамудың болашағы, жаңа технология, еңбек өнімділігі. Біз көшуге тиісті «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының мәні өте зор. Ендігі "Цифрлы Қазақстанға" көшуіміз керек. Бұл қызметпен мемлекет алдында күн сайын есеп беретін жауапты нақты адам айналасуы керек. Аталған қызметке IT саласының маманы, өз қызметтерінде жақсы жұмыс атқарған Асқар Жұмағалиевті тағайындадым", - деді президент.

Президенттің айтуы бойынша, Жұмағалиевтың әрбір министрлік пен әрбір ведомствода өзінің өкілдері болады. Цифрландыру ең біріншіден, ұлттық компанияларға, өндіріске және үкіметке керек.

Ерболат Досаев экономикамыздың макроэкономикалық жағын арттырумен айналысады.

"Оның білімі, тәжірибелік жұмыстары, бізге экономика, қаржы, еліміздің макроэкономика саласындағы, сондай-ақ, әлеуметтік блок сияқты жұмыстарды менеджер, экономист ретінде атқара алатынына, сенуге мүмкіндік береді", - деді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы