Астана. 22 қараша. 7kun.kz – 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Бүгін ведомство отырысында елдегі президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жарияланды. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.
Дауыстар келесідей бөлінді:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берді.
Қарақат Әбденге сайлаушылардың 2,6 пайызы дауыс берді.
Нұрлан Әуесбаев сайлаушылардың 2,22 пайызы дауыс берді.
Жигули Дайрабаев сайлаушылардың 3,42 пайызы дауыс берді.
Мейрам Қажыкен сайлаушылардың 2,53 пайызы дауыс берді.
Салтанат Тұрсынбекова сайлаушылардың 2,12 пайызы дауыс берді.
«Барлығына қарсы» деген бағанды сайлаушылардың 5,8 пайызы таңдаған.