Астана. 11 қазан. 7kun.kz – Прокурор экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ прокурор Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен бір жарым миллиард теңге өндіріп алуды сұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Прокурор экс-министрді үйқамақтан қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге ауыстыруды ұсынды.
«Біртановты ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды ұсынамын», – деді прокурор Бауыржан Шекенов сотта.
Бұрынғы министрді қамауда ұстау мерзімі 2020 жылғы 30 қазаннан 2020 жылғы 6 қарашаға дейін, сондай-ақ үкім шығарылған күннен бастап ол заңды күшіне енгенге дейін жазаны өтеген 1,5 күн үшін қамауда ұстаудың 1 күні есебінен жаза мерзіміне есептелу ұсынылды.
Ал Біртановты үй қамауында ұстау уақыты 2020 жылғы 7 қарашадан бастап үкім шығарылған күнге дейін жазаны өтеген бір күн үшін үй қамауының 2 күні есебінен жаза мерзімінде есепке алыну ұсынылды.
Сондай-ақ айыптаушы тарап министрліктің бұрынғы басшысын «Құрмет» мемлекеттік наградасынан айыруды талап етті.
Прокурор Біртанов пен оның орынбасары Әбішевтен 1 миллиард 548 миллион 136 мың 575 теңгені тең үлестермен өндіріп алуды және экс-министрден 2020 жылғы наурызда коронавирус пандемиясы кезінде санитарлық авиация бортын пайдалануға жұмсалған 5 миллион 503 мың теңгені өндіріп алуды талап етті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024