Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz – Ресей президенті Владимир Путин Израиль басшыларынан Лавровтың сөзі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жексенбі, 1 мамыр күні италиялық басылымдардың біріне сұқбат берген. Сол уақытта «Гитлердің бойында еврей қаны болған» деген пікір айтқан.
Ал 5 мамыр күні Кремль сайтында Путин пен Израиль премьер-министрі телефон арқылы сөйлескені туралы ақпарат жарияланды. Алайда Ресей президенті кешірім сұрағаны туралы мәлімет жоқ.
Екі ел басшыларының сөйлескені туралы euronews та хабарлады. Сонда «Нафтали Беннет Путиннің кешірімін қабылдады» деп жазылған.
Сарапшылардың пікірінше, Ресей Федерациясы батыста қалған санаулы ғана серіктестерін жоғалтқысы келмейді. Себебі Ресейдік Украинаға шабуылы басталғалы екі тарапқа да жақтаспай отырған елдердің бірі – Израиль мемлекеті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024