Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Путин мен Зеленскийдің кездесетін күні белгілі болды

Путин мен Зеленскийдің кездесетін күні белгілі болды

Әлем. 12 қазан. 7kun.kz – Индонезияның Бали аралында өтетін G20 саммитіне Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Индонезияның БАӘ-дегі елшісі Хусин Багис айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

ulysmedia.kz мәліметінше, Хусин Багис National басылымына Путиннің де, Зеленскийдің де саммитке қатысатынын растаған. Қазір екі президентті қабылдауға дайындық жүргізілуде.

«Оларды орналастыруға болатын қонақүйлерді реттеп жатырмыз. Біреуі Путин мырзаға, екіншісі Зеленский мырзаға. Индонезия басқа елдерден ерекшеленеді. Онда бәрі тыныш», – деді Хусин Багис.

Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрліктері президенттерінің аталған шараға қатысуын әзірге растаған жоқ.

Айта кетейік, G20 саммиті 15-16 қарашада Балиде өтеді. G20 саммитіндегі ықтимал кездесу 24 ақпанда арнайы әскери операция басталғалы бері Ресей мен Украина басшыларының алғашқы бетпе-бет жүздесуі болуы мүмкін.

Похожие материалы