Путин Қазақстан жолбарыстарды Орталық Азияға 2025 жылы қайтара алатындығын мәлімдеді
Әлем. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан жолбарыстарды 2025 жылы Орталық Азияға қайтара алады. Ресей тәжірибе бөлісуге дайын, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин, деп хабарлайды 7kun.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Владивостокта жолбарысты сақтау бойынша екінші халықаралық форум ашылды.
«Біздің тәжірибеміз жолбарыстарды Орталық Азияға қайтарумен айналысқан қазақстандық серіктестердің бағдарламасында сұранысқа ие екені қуантады. Ресейлік сарапшылар алғашқы жолбарыстар 2025 жылы пайда болады деп болжам жасады. Бұл бастама өте маңызды», – деді Путин.
Шара 5-8 қыркүйекте Қиыр шығыс федералды университетінің аумағында өтеді. Іс-шараның бірінші күні Қазақстан мен Ресей республика аумағына жолбарысты көшіру туралы келісімге қол қойды. Олардың бір бөлігі Приморьеден әкелінуі мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан үкіметі бірнеше жыл бұрын ел аумағына жолбарысты қайта әкелу жоспарланып отырғанын жариялаған болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024