Мәскеу. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Ресей президенті Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация туралы жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресей президенті халқына шұғыл бейнеүндеу жолдап, елдегі азаматтардың белгілі бір бөлігін әскер қатарына қабылданатынын және Украинадағы референдум мәселесіне тоқталды.
«Әскери қызметке шақыруға қазір запаста тұрған және ең алдымен әскер қатарында қызмет өткерген, белгілі бір әскери-есептік мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар кіреді. Олар жөнелту алдында міндетті түрде арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, қосымша әскери даярлықтан өтеді», – деді ол
Сондай-ақ Владимир Путин Украинадағы референдум мәселесіне де тоқталды.
«Соңғы күндері бірқатар аудан тұрғындары референдумды қолдау ұсыныстарын айтуда. Біз қолдаймыз. Әрі қауіпсіздік мәселесін қамту үшін бар күшімізді саламыз», – деді Путин.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024