Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz – Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Кремль сайтында хабарланды.
«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатында Ресей мемлекетінің басшысы өткен жылы Ресей-Қазақстан қатынастары стратегиялық әріптестік, одақтастық және тату көршілік қағидаттарының берік негізінде қарқынды дамуын жалғастырғанын атап өтті: екіжақты сауда қарым-қатынасы жақсы көрсеткіштерге жетті, өнеркәсіптік, энергетикалық және басқа да салалардағы ірі бірлескен жобалар сәтті іске асырылды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ресей президенті шет мемлекеттердің кейбір бұрынғы басшылары мен үкімет басшыларын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
Похожие материалы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





