Ресей. 9 мамыр. 7kun.kz – Ресей президенті Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 77 жылдығына орай көрші мемлекеттердің басшылары мен азаматтарына құттықтау жолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кремль хабарлауынша, құттықтау хаттары Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Абхазия, Оңтүстік Осетия, ДХР, ЛХР басшылары мен азаматтарына, сондай-ақ Грузия мен Украина халықтарына жолданды.
Ресей Президенті құттықтауында бұл күні сансыз құрбандар мен қиыншылықтардың арқасында нацизмді құлатқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілетінін атап өтті.
«Бүгінгі ортақ міндет – әртүрлі елдердің адамдарына соншама азап әкелген нацизмнің жандануына жол бермеу. Соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы шындықты, ортақ рухани құндылықтар мен бауырлас достықтың дәстүрлерін сақтап, ұрпаққа жеткізу қажет», – делінген РФ Президентінің хатында.
Сондай-ақ, Владимир Путин көрші мемлекеттердің басшылары мен азаматтарына арнаған сөзінде майдан және тыл ардагерлеріне шын жүректен алғыс айтып, оларға зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024