Путинді қолдайтынын айтқан депутат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды
Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – «Ақ жол» демократиялық партиясының пленумы Азамат Әбілдаевты партиядан шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бүгін елордада партияның ұлттық кеңесі пленумы өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың журналистке берген сұқбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.
«Ұлттық кеңес мүшелері Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы бұзып тұрғанына баса назар аударды. Партия қашан да республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды», – делінген хабарламада.
Ұлттық кеңес шешімімен ол партия қатарынан шығарылды. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына оның депутаттық мандатын тоқтату туралы хат жолданды.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев сұхбаттарының бірінде Ресей-Украина арнайы операциясында Ресейді қолдайтынын айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024