Қайрат Сатыбалды фирмасының екі өкілі «Қазақтелеком» директорлар кеңесінен шығарылды
Алматы. 8 шілде. 7kun.kz – Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Skyline Investment Company компаниясының екі өкілі «Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында компания жарғысына және компанияның директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізді. Кеңестегі директорлар саны тоғыздан жетіге дейін қысқартылды», – делінген Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарламасында.
Құжатқа сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінен акционер саналатын Skyline Investment Company өкілдері – Ерұлан Құсайынов пен Абай Әлімовтің, сондай-ақ тәуелсіз директор Александра фон Гляйхтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Ал қалған өкілеттік мерзіміне «Самұрық-Қазына» АҚ басқарманың өкілі етіп Николай Казутинді, және тәуелсіз директор ретінде Арманбай Жұбаевты сайланды.
Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы қазір тексерілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024