Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Сатыбалды қашпақ болған ұшақтан 1,5 млрд доллар табылды - дереккөз

Қайрат Сатыбалды қашпақ болған ұшақтан 1,5 млрд доллар табылды - дереккөз


Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталған кезде ол Дубайға ұшпақ болған ұшақ бортынан, шамамен 1,5 млрд доллар табылды, деп хабарлайды 7kun.kz аbzhannews арнасына сілтеме жасап.

Еске салсақ, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені інісі Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Оған ақша жымқырды және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған.

12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты.

Естеріңізде болса, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауда отыр. Ол өзге кәсіпкерлердің бизнесін басып алуға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Похожие материалы