Астана. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, іс қалалық сотқа бүгін келіп түскен. Ал сот отырысы ертең сағат 15-де, онлайн режимде басталады.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған болатын.
Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024