Қайрат Сатыбалдыұлы мен Вячеслав Ким AllurGroup директорлар кеңесінің мүшесі болды
Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - Қайрат Сатыбалдыұлы мен Вячеслав Ким AllurGroup компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«27 мамырдан бастап Қайрат Сатыбалдыұлы мен Вячеслав Ким AllurGroup компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кірді", - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.
AllurGroup директорлар кеңесінің жаңа құрамы: Юрий Цхай – акционер; Андрей Лаврентьев – акционер; Дин Ким – акционер; Дәурен Онаев - "Қазақстанның даму банкі" АҚ және «Baiterek Venture Fund» АҚ акционерлерінің өкілі; Игорь Абрамов - тәуелсіз директор; Қайрат Сатыбалдыұлы - тәуелсіз директор; Вячеслав Ким - тәуелсіз директор.
«Біз Қайрат Сатыбалдыұлы мен Вячеслав Ким сияқты бизнес саласындағы нағыз мамандардың жобамызға қызығушылық танытып, басқарушы командаға кіргендеріне алғыс білдіреміз. Кәсіби мамандардың және акционерлердің жаңа тәжірибесінің арқасында AllurGroup компаниясы Қазақстандағы автоөндіріс саласын дамытуды жалғастыр береді», - деді AllurGroup компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев соңғы уақыттағы компаниядағы өзгерістерге байланысты мәлімдемесінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024