Қамаудағы Боранбаев ресейлік McDonald’s-ты сатып алуы мүмкін – Ресейлік БАҚ
Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz - Ресейлік McDonald’s елден кетіп, иесі мен аты ауысуы мүмкін. Бұл туралы The Bell хабарлады.
Сайттың жазуынша ресейдегі үш франшизаның бірі McDonald's-тың ресейдегі бизнесінің иесі болады. Қазір олардың екеуі әлеуетті сатып алушылар қатарында. Оның бірі - Қайрат Боранбаевтың «СПП» компаниясы, екіншісі - Александр Говордың «ГиД» компаниясы. Мәміле 19 мамырда жариялануы мүмкін. Осыдан кейін желі Ресейде жаңа атаумен жұмысын жалғастырады, деп хабарлады ақпарат көздері.
Боранбаевтың СПП компаниясы Свердловск, Орынбор, Челябі, Қорған, Түмен және Киров облыстарындағы McDonald's желісін басқарады. Боранбаев одан бөлек Қазақстан мен Беларусьтегі McDonald's франшизасына ие. Алайда Боранбаевтың өзі қамауда отырғаны белгілі. Сондықтан бүкілресейлік деңгейге көтерілуге дайын ба, белгісіз.
Ал Александр Говорға тиеселі «ГиД» компаниясы Новосибирск, Бердск, Томск, Кемерово, Новокузнецк, Барнаул және Красноярск қалаларындағы 25 McDonald's мейрамханасын басқарады. Сонымен қатар, «НефтеХимСервис» мұнай өңдеу зауытының тең құрылтайшысы, «Park Inn» қонақ үйінің және Новокузнецктегі Grand Medica жеке клиника желісінің иесі.
Айта кетейік, 8 наурызда McDonald's Ресейдегі мейрамханаларының уақытша жабылатынын хабарлады. 14 наурызда жұмысын тоқтатқанымен, барлық қызметкерлер толық жалақыларын алуды жалғастырды. Ал франшизаға тиесілі мейрамханалар жұмыс істеп тұр. 16 мамырда McDonald's ақыры Ресейден кетіп, елдегі бизнесін сататынын хабарлады. ТАСС ақпарат көзі бұл желі Ресейде маусым айының ортасында жаңа брендпен жұмысын қайта бастайды, деп хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024