Бұған дейін Түлкібас аудандық ПБ басшысы Данияр Мейірханның ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін полиция подколковнигі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Ішкі істер министрінен осы жағдайды тексеріп, өзіне және ҚР ҚПК-ін бұзған полиция қызметкерлеріне қатысты заңды шешім қабылдауын сұрады.
"Баршаңызға өз парақшамнан сәлем жолдаймын және назар аударғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Менің айналамда өте күрделі жағдай орын алуда. Мені ұстау, 10 тәулікке қамауға алу және менің изоляторда жатуым - бұл тек менің конституциялық құқықтарымды бұзу ғана емес, сондай-ақ ҚР Қылмыстық Процессуалдық Кодексті де бұзу деп ойлаймын. Мен қылмыскер емеспін, алайда мені ұстау үшін 5 автокөлікке мінген топты жіберген. Мен олардың іс-әрекеті ҚР ҚПК-н бұзатынын айтқанмын. Олардан менің жазықсыз екендігімді дәлелдейтін, яғни бір-екі күнде шешуге болатын материалдарды жинап, оларға ұсынуым үшін бірнеше сағат сұрадым. Бірақ маған әділдікті басқа жерден іздеуім керектігін айтты", деп жазды полция қызметкері.
Оның жазуынша бұл жағдайлар өзінің қамалуы біреуге өте қажет болған шығар деген ойға итермелейді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлынан осы жағдайды тексеріп, өзіне және ҚР ҚПК-ін бұзған полиция қызметкерлеріне қатысты заңды шешім қабылдауын сұраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024