Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – IPO-ға шығарылған «ҚазМұнайГаз» компаниясының акцияларын сатып алуға 130 мыңға жуық өтінім түсті. Бұл туралы үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, барлығы жеке және заңды тұлғалардан 153,8 млрд теңгеге 129,9 мың өтінім түсті. Бұл ұлттық компанияның жалпы капиталының 3%-ын құрайды.
«Кеше Қордың директорлар кеңесі мен үкімет ҚМГ акцияларын иеліктен шығару туралы түпкілікті шешімі қабылдады. Өтініштер 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданды. Қазақстан азаматтарының өтініштерін қанағаттандыруға басымдық берілді. Қарапайым азаматтардан келген өтініштердің жалпы саны – 128,7 мың. Жалпы сомасы – 74,6 млрд теңге», – деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың өтінімдері акцияларды сатып алу сомасының жартысына жеткен жоқ - 48,5%. Компанияның бір акциясы 8 406 теңгеден сатылды.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының басшысы 2023-2025 жылдары IPO/SPO-ға шығатын компанияларды атады. 2023 – 2024 жылдары – «Эйр Астана», «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалық компаниясы); Ал 2024 – 2025 жылдары – ҚазақГаз; 2025 жылы – Қазақстан темір жолы.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024