Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қант бағасының күрт өсуі болмайды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қант бағасының күрт өсуі болмайды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда қант бағасының күрт өсуі күтілмейді, бірақ оның түпкілікті құны биржадағы құрақ қант бағасымен анықталады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Әлемде қант бағасының өсуі байқалады. Бізде қанттың бағасы 400 теңгеден, кей жерлерде 500-ге дейін тұрақты. (...) Бүгінгі таңда өндірілетін қант көлемі қант деңгейін қамтамасыз етуге толықтай жетеді. Біз қант бағасының күрт өсуін күтпейміз», – деді Қарашөкеев.

Қанттың түпкілікті бағасы құрақ қанттың биржалық бағасымен анықталады. Себебі ол жалпы қанттың 70%-ын құрайды.

Айта кетейік, Бұдан Қазақстанда 2022 жылдың 23 мамырынан бастап алты айға ақ қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға тыйым салынады.

Еске салайық, наурызда еліміздің бірқатар өңірлерінде қазақстандықтар қант бағасының күрт өсуіне тап болды. Кейбір сауда нүктелерінде түйіршіктелген қант сөрелерден жоғалып та кетті. Бірқатар БАҚ-та ресейліктердің Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында қантты жаппай сатып алып жатқаны туралы хабарламалар пайда болды.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресей ЕАЭО елдеріне астық экспорттауға тыйым салған, оның ішінде ақ қант пен шикі құрақ қантты да әлемнің кез келген еліне экспорттауға тыйым салынған.

Похожие материалы