Қант тапшылығына байланысты «Рахат» фабрикасы кейбір кәмпиттердің өндірісін тоқтатты
Қазақстан. 9 маусым. 7kun.kz – Қант тапшылығына байланысты шымкенттік «Рахат» фабрикасы тоқтап тұр, ал кейбір кәмпиттердің өндірісі фабрика бойынша тоқтатылды. Бұл туралы «Лотте Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз жыл сайын өнім тізбегін кеңейтеміз. Биыл шоколадқа басымдық береміз, өйткені оған басқа тәттілерге қарағанда аз қант кетеді. Қазір сұранысы жақсы болғанмен «барбарис» және «ирис» кәмпиттері өндірілмейді. «Барбарис» - бұл дәстүрлі, тәтті, бірақ өте қантты өнім. Біз қант көп болатын барлық өнімдерден бас тарттық, өйткені қант жоқ. Шымкенттегі фабрика әзірге тоқтап тұр, бірақ маусым айының ортасында жеткізу қайта басталып, жұмысты жалғастырамыз деген ойдамыз", - деді Константин Федорец.
Оның айтуынша, зауыттарға қажетті шикізатты отандық тауар өндірушілерден алуға болады, бірақ олар нарық сұранысының 30%-ын ғана өтейді. Ресейде экспортқа тыйым салынды, ал басқа елдерден импортқа акциз салынады және шикізаттың әр тоннасы 35% қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024