
Астана. 5 қаңтар. 7kun.kz – Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде заңсыз бұйрық берген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазіргі уақытта әскери сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдаулар жалғасуда.
«Тергеу ол төтенше жағдай кезінде заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық нысандарды әскерилердің қорғауынсыз қалдырған деп есептейді. Бұрынғы Қорғаныс министрі елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру шараларын қабылдамаған», – деді Берік Асылов.
Экс-министр ұрыс жағдайында билікті асыра пайдаланды (Қылмыстық кодекстің 451-бабының 3-бөлігі) деп айыпталуда.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025