Экономика
Бизнес
"Қаңтар оқиғасы" кезінде Энергетика министрі болған Мырзағалиев енді "ҚазМұнайГазды" басқарады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев президент кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мырзағалиев бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған. Бұған дейін ол ҚР Энергетика министрі болды. Дәл сол уақытта сұйытылған газ бағасы күрт қымбаттап, арты халықтың жаппай митингісіне ұласқан. "Қаңтар оқиғасынан" кейін ол министрліктен алынып, президенттің кеңесшілігіне тағайындалды.
Ал министрлік лауазымға Мағзұм Маратұлы 2021 жылдың қыркүйек айында келген. Қызметтен босаған Мағзұм Мырзағалиевтің енді "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясын басқарады. Ол 1978 жылы Алматы қаласында туған.