Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар-сәуірде мемлекеттік бюджетке 5,9 трлн теңге кіріс түсті

Қаңтар-сәуірде мемлекеттік бюджетке 5,9 трлн теңге кіріс түсті

Нұр-Сұлтан. 12 мамыр. 7kun.kz – Жоспар 108,6%-ға орындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 5 триллион 93 миллиард теңге кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) түсіп, жоспар 108,6%-ға орындалды. Республикалық бюджетте де трансферттерді есептемегенде 3,4 трлн теңгеге жуықтап, жоспар 101,1%-ға орындалды. Түсім жоспары 36 млрд теңгеге артығымен орындалды: салықтар бойынша – 24 млрд теңге, салықтық емес түсімдер бойынша – 12 млрд теңге.

Жергілікті бюджет кірістері 127,1%-ға орындалып, 1 триллион 719 миллиард теңгені құрады. Жоспар 366 млрд теңгеге, оның ішінде салық 325 млрд теңгеге артығымен орындалды.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,8%-ға, республикалық – 99,4%-ға, жергілікті бюджеттер – 98,5%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша шығыстар 5,6 триллион теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 4 айында камералдық бақылаумен 4,4 трлн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды іске асыру көзделген. Есепті кезеңде 61 млрд теңгеге 227 нысан сатылып, кері сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

Похожие материалы