Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Өткен айда қазақстандықтар 142,2 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алды.
Доллар
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2019 жылы қаңтарда нетто-негізде айырбастау пункттері АҚШ валютасын 94,7 млрд теңгеге сатқан.
Оның басым бөлігін Алматы тұрғындары - 36,4 млрд теңгеге, Шымкент – 12,2 млрд теңгеге және Астана тұрғындары – 10,9 млрд теңгеге сатып алды. Ал ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысында – 303,2 млн теңге, Алматы облысында – 232,6 млн теңге және Түркістан облысында – 221,4 млн теңге болды.
Еуро
2019 жылдың қаңтар айында бұл валюта 14,8 млрд теңгеге, оның ішінде Алматыда 8,8 млрд теңгеге, Қарағанды облысында 1,1 млрд теңгеге сатылған. Еуроны ең аз Қызылорда (106,2 млн теңге) және Түркістан (17,2 млн теңге) облыстарының тұрғындары сатып алды.
Рубль
Ресей валютасы қаңтар айында айырбастау пункттерінде 32,5 млрд теңгеге сатылды. Рубльді ең көп қолданатын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болды. Олар 4,7 млрд теңге валютаны сатып алған. Екінші орынға 4,3 млрд теңге рубль сатып алған Батыс Қазақстан облысы орналасты.
Рубльге деген сұраныс Шымкент және Алматы облысында аз болды.
Юань
Ұлттық Банктің ақпаратына сәйкес, өткен айда Алматыда Қытай валютасының қомақты үлесі (146 млн теңге) сатылған. Сондай-ақ, юаньді Ақмола облысында – 300 мың теңгеге және Маңғыстау облысында – 200 мың теңгеге сатып алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024