Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылғы қаңтарда инфляция 0,5% (2018 жылғы қаңтарда – 0,6%) болды.
Жылдық инфляция 5,2% деңгейде қалыптасты және 2019 жылдың соңында Ұлттық Банктің 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 5,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызмет көрсету – тиісінше, 6,4%-ға және 3,4%-ға өсті.
2019 жылғы қаңтарда халықтың инфляциялық күтулері төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы бүкіл пікіртерім кезеңі үшін ең аз шамаға қол жеткізіп, 4,7% болды.