Биылғы жылдың қаңтар айында Ұлттық Банк төлем жүйелері арқылы 52,5 трлн теңге сомасына 4,2 млн транзакция жасалды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚРҰБ Төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Орташа алғанда, бір күнде төлем жүйелері арқылы 2,9 трлн теңге сомасына 232,5 мың транзакция жүргізілген. Жалпы қаңтарда қолма-қол ақшасыз операциялардың саны мен көлемі 5,4 трлн теңге сомасындағы 438,5 млн транзакцияны құрады.
«Қазақстандық банктердің ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу бойынша барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылуда. Ұлттық Банк нақты уақыт режимінде жағдайдың дамуын және олардың нарықтарға ықпалын қадағалап отырады. Қазақстанның қаржы жүйесіне Ресейге қарсы санкциялардың әсер ету дәрежесін бағалап, қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды жалғастырады», - деді ҰБ Төрағасы.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024