Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында жүк көлігі автокөлікті мыжып өтіп, екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында жүк көлігі автокөлікті мыжып өтіп, екі адам қаза тапты

Қарағанды облысы. 31 тамыз. 7kun.kz – 28 тамызда «Қазақмыс» көмір кенішінде «БелАЗ» жүк көлігі басып қалған көлікте барлығы бес адам болған. Екі адам, оның ішінде жүргізуші оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Молодежный» разрезінде «БелАЗ» автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде «УАЗ» автокөлігінің сол жақ бөлігіне соғылып, басып қалған. Екі адам оқиға орнында қаза болды.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал аман қалған үш адам қазір ем қабылдауда.

«Екеуі амбулаторлық ем қабылдап жатыр, жараланған. Біреуі ауруханада жатыр, аяғы сынған, сол жақ жамбасы шығып кеткен. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Похожие материалы