Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытқан ер адам ойын клубынан 4 млн теңге тонап кетті
Қарағанды. 3 қазан. 7kun.kz – Қарағандыда ер адам ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлап кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
30 қыркүйек күні полицияға қаладағы ойын клубтарының бірінде қарақшылық шабуыл болғандығы туралы хабарлама түскен. Полиция хабарлауынша, ойын клубының тұрақты клиенттерінің бірі мекеме қызметкерінен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткен.
Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды. Ол сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, оның орнын толтыру мақсатында осындай іске барғандығын айтқан.Ол бұндай іске бару үшін ойыншық тапанша сатып алған.
Күдіктіден айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық» дерегіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.