Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда жас кәсіпкерлер мектебі ашылды

Қарағандыда жас кәсіпкерлер мектебі ашылды

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Оны аймақтық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асыруда.  Бұл мектепте 18-29 жас аралығындағы жастар дәрістер тыңдай алады.

35 адамнан құралған бірінші топ 17 қазаннан бастап оқуға кірісті. Дәрістер Қарағанды машина құрастыру колледжінің базасында өткізіледі. Оқыту барысында тыңдаушыларға бизнес құру кезінде қандай заңнамалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелермен кездесетіндері туралы айтылады.

Студенттер қазірдің өзінде ЖК, ЖШС, шаруа қожалығын ашу процедуралары туралы ақпарат алды. Келешекте оларға сонымен қатар сауатты түрде бизнес-жоспар құруды үйретіп, маркетинг пен менеджмент туралы айтып береді.

«Бизнес-жоспарды сәтті қорғау шартын жақсы орындаған Жас кәсіпкер мектебінің тыңдарманы оқудың соңында сертификат алатын болады. Бұл құжат «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға құқық береді. Яғни, жобаның әрбір қатысушысы өзінің әлеуетін жоғарылатуға мүмкіндік алады. Кәсіпкерлікке деген қызығушылық қазіргі кезде жастар арасында өте жоғары. Біздің міндетіміз – жастарға көмек көрсету», - деді Мұратбек Мұқатаев.

Тыңдармандарға тегін түрде оқу әдістемелерінің жиынтығы беріледі: кәсіпкерлік іскерлікті жүргізу негіздері және бизнес-жоспар әзірлеубойынша әдістемелер, шағын кәсіпкерлік құру идеяларының анықтамасы.

Похожие материалы