Қарағандыда жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті
Қарағанды облысы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – 19 қыркүйекте кешкі уақытта Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында жол-көлік апаты орын алып, салдарынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады. Министрлік қапияда көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамды», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан төрт адам – екі жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты.
«Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





