Қараша айына дейін жер бетіндегі халық саны 8 миллиардқа жетеді - БҰҰ болжамы
Әлем. 11 шілде. 7kun.kz – Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті 2022 жылдың қарашасына қарай әлем халқы 8 миллиардқа жетеді деген болжам жасауда, деп хабарлацды 7kun.kz.
БҰҰ мәліметінше, әлем халқының саны өсуде, бірақ қазір өсу қарқынының баяулауы байқалуда. 2020 жылы жаһандық өсім 1950 жылдан бері алғаш рет жылына 1%-дан төмен түсті. БҰҰ болжамы бойынша, 2030 жылы әлем халқының саны 8,5 миллиардқа жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай жер тұрғындарының саны 9,7 миллиардқа, ал 2100 жылға қарай 10,4 миллиардқа жетеді.
Ұйым 2050 жылға қарай әлем халқының болжамды өсімінің жартысынан көбі Конго Демократиялық Республикасы, Египет, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзанияны қоса алғанда, тек сегіз елде шоғырланады деп есептейді. Сондай-ақ шамамен 2027 жылы Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп тығыз қоныстанған ел болады деп болжануда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024