Экономика
Қаржы министрі: Әлеуметтік бастамаларға бөлінетін қосымша қаражат елдегі инфляцияға әсер етпейді
Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Қаржы министрі Ұлттық қордан және бюджеттен әлеуметтік бастамаларға бөлінетін қосымша қаражат елдегі инфляцияға елеулі әсер етпейдігін айтты.
"Бұл қаражат (Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік бастамаларға бөлінетін) ақша массасының 2%-дан азын құрайды. Бізде ақша массасы соңғы күн бойынша 21 трлн теңгені құрайды. Сондықтан, бұл ақша инфляциялық үдерістерге айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймыз", - деді Ә. Смайылов Астанада Үкімет отырысында.
Айта кетейік, Қазақстанда инфляция 2018 жылы 5,3%-ға тең болды. Қазақстан Үкіметінің болжамына сәйкес, инфляция 2019 жылы 4-6% -ды құрайды.