Қаржы министрлігі Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырмайды
Нұр-Сұлтан. 28 маусым. 7kun.kz – Қаржы министрлігі Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін әлі қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мәселе көтерілді, бірақ егжей-тегжейлі талқыланбады. Үкіметте талқыланбады. Заң бар, біз оны орындаймыз. Оған жыл сайын 2,2 триллион теңгеден астам қаржы бөлеміз. Кез келген өзгеріс терең есептеулер мен мазмұнды талқылауды қажет етеді. Еңбек министрлігі атынан ешқандай ұсыныс болған жоқ», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министр зейнетақы жүйесіндегі кез келген өзгеріс триллиондаған теңге шығын әкелетінін атап өтті.
«Құдайға шүкір, бізде жас ұлт бар. Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарламалар бар, соның ішінде "Күміс жасы". Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді. Сондықтан біз әлі де бар бағдарламалар бойынша жұмыс істеп, қолданыстағы заңдармен өмір сүріп жатырмыз», – деп түйіндеді Ерұлан Жамаубаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024