Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды салықты уақытында төлеуге шақырды. Оның айтуынша, көптеген мәліметтер базалары «тазартылған». Сондықтан салық төлеушілерге төлем жасауда проблемалар болмауы керек.
«Біз жүйемізді ірі банктердің бірімен біріктіруді қамтамасыз еттік, пайдаланушылар өз қосымшасында мүлікке, жерге, көлікке қажетті салықтық міндеттемелерді көре алады. Мобильді қосымша арқылы олар салықтарды дереу төлей алады. Бұдан басқа, салықты салық комитетінің ақпараттық жүйесіндегі жеке кеңсеңізден көу мүмкін. Банктер, онлайн қосымшалар арқылы төлеуге болады", - деді Әлихан Смайылов.
Айта кетейік, Қаржы министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, деректер базасындағы барлық дұрыс емес мәліметтерді анықтау және жою бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.
"Мысалы, ауыл шаруашылығы министрлігімен Жер ресурстары бойынша, ІІМ-мен автокөлік құралдары бойынша, Әділет министрлігімен жылжымайтын мүлік регистрі бойынша. Менің ойымша, Қазақстандықтардың өткен жылы туындаған проблемалары биыл болмайды. Көптеген мәліметтер базасы "тазаланды". Бір ғана жағдай болуы мүмкін, бірақ олар қате мәліметтерді құжатты растау немесе жоққа шығару үшін салық төлеушілердің өздері келуін талап етеді", - деп қорытындылады министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024