Қаржы министрлігінің арнайы шотына жемқор шенеуніктерден 50 млрд теңге түсті – Смайылов
Астана. 10 қараша. 7kun.kz – Президенттің тапсырмасына сәйкес бюджет кодексі әзірленді. Онда Қаржы министрлігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген ақшаны жинақтауға арналған арнайы шот қарастырылған. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Тиісті шешім шығарылған сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден ақша Қаржы министрлігінің арнайы шотына түседі және қазірдің өзінде түсіп жатыр. Бүгінде 50 млрд теңгеге жуық қаржы түсті, алдағы уақытта бұл сома 100 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде, олар мектеп және мектептердің жанына қосымша құрылыстар салуға бағытталады», – деді Смайылов.
Қаржы бөлуде орын тапшы, үш ауысымдық білім беретін, апатты жағдайындағы білім беру мекемелеріне басымдық берілетіні атап өтілді.
«Қазір Білім министрлігі жоспарлы түрде қаржыландырылатын бюджетке қосымша түсім үшін тиісті құжаттаманы әзірлеп жатыр. Жемқорлардан түсетін ақшаға қатысты жоспар құрмаймыз, оның түсіміне қарай қаржы бөлеміз», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024