Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы нарығын реттеуші банктердегі деректерді статистикалық талдауды автоматтандыруға арналған бағдарлама жасап шығарды

Қаржы нарығын реттеуші банктердегі деректерді статистикалық талдауды автоматтандыруға арналған бағдарлама жасап шығарды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы бағдарламалық өнім әзірледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол банктерге деректерді статистикалық талдау жұмысын автоматтандыруда жәрдемдесуге және стресс-тестілеу модельдерін құруға арналған.

 «AFR» пакеті «R» бағдарламалау ортасында іске асырылды. Онда деректерді статистикалық талдау процестері деректерді енгізіп, модельдің барабарлығын тексеруге дейін бір жүйеге келтіріліп, автоматтандырылған. Ол үшін қандай да бір банктің 2010-2021 жылдар аралығындағы кезеңде тоқсандар бойынша 50 макроэкономикалық көрсеткішінің деректерін және 10 симуляциялық деректерін статистикалық өңдеу және талдау үшін қажетті банктің өзінің және басқадан алған функцияларының үлкен жиынтығы пайдаланылады.

«AFR» пакетінде пайдаланылатын макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша статистикалық деректер жаңа деректердің жариялануына қарай жаңартылып отырады. «AFR» пакеті CRAN (The Comprehensive R Archive Network) ресми репозиторийінде орналастырылды.

«Пакеттің көмегімен банктер түрлі сценарийлерді көрсетіп, олардың жеке көрсеткіштерге әлеуетті әсерін бағалай алады. Тәуекелдердің үдеюі жағдайында алдын алу мақсатында ден қою үшін сенімді бағаның болуы маңызды. Практикадағы қажеттілікке, сондай-ақ пайдаланушылардан түскен ұсыныстарға қарай бұл Пакетті үнемі пысықтап, жетілдіріп отырамыз», - дейді Агенттік Төрағасының кеңесшісі Тимур Әбілқасымов.

Похожие материалы