«Қаржылық істермен Мәсімов айналысты»: Елбасы Назарбаев университетіне байланысты сынға пікір білдірді
Нұр-Сұлтан. 30 мамыр. 7kun.kz – Құқық қорғау органдары Кәрім Мәсімовтің Назарбаев университетінің қаржылық қызметіне қатысты жұмысын тексеретін болады, деді ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сұхбат барысында саясаттанушы Данияр Әшімбаев желіде Назарбаев университетінің, сондай-ақ оны қадағалайтын қордың қызметін белсенді түрде сынға алып жатқандығын атап өтті.
Тұңғыш президенттің айтуынша, жоғары оқу орнының Қамқоршылық кеңесі Назарбаев университетінің қаржысын басқару, оның инвестициялық қызметі, соның ішінде еліміздің жекелеген қаржы институттарымен байланысты мәселелермен тікелей айналысқан. Кеңес төрағасы сол кездері премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов болды.
«Осылайша, оның құзіретіне университеттің де, оған қатысты құрылымдардың да, оның ішінде жекелеген қаржы ұйымдарының да қаржылық қызметі кірді. Қазір Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, менің ойымша, құқық қорғау органдары бұл бағытта да оның жұмысын анықтайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024