Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді
Қашаған. 29 маусым. 7kun.kz – Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан «GPC Investment» ЖШС мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын», – делінген қаулыда.
«GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.
«Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты «GPC Investment» компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі. Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, дереккөздерге сүйенсек газ өңдеу зауытының құрылысын QazaqGaz ("ҚазТрансГаз") басшысы болған кезде Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев жүргізді.
Еске салайық, Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz басшысы лауазымын Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін босатқан болатын. 6 маусымда Шәріпбаев QazaqGaz басшысы қызметінен кеткеннен кейін компаниядан 2,2 млрд долларға заң бұзушылықтар табылғаны белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024