Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – 2022 жылы жұмыс берушілер фрилансерлерге тәжірибесі мен құзыретіне қарай 200 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынған, деп хабарлайды HeadHunter (hh.kz).
«Соңғы жылы hh.kz сайтында өзін фрилансер ретінде санайтын жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, яғни 142%-ға өсті», - делінген хабарламада.
Фрилансер ретінде жұмыс істеудің басты артықшылығы ретінде жұмыс іздеушілер икемді кестені, ұтқырлықты атап өтеді. Оның ішінде жұмыс орнына қатаң байлану жоқ, кеңістікте еркін жүруге болады, сонымен қатар «өз қалауыңыз бойынша жұмысты таңдау мүмкіндігі бар.
«Қазақстанда фрилансер ретінде өз қызметтерін жиі ұсынатын кәсіпқойлардың үш негізгі тобы бар. Бірінші орында – шығармашылық мамандықтардың өкілдері – дизайнерлер мен суретшілер. Одан кейін IT мамандары – бағдарламашылар, әзірлеушілер және т.б., одан кейін шет тілдерінен аудармашылар», – деп хабарлайды hh.kz.
Бұған дейін Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында ең жоғары жалақы өсімі болғандығы хабарланған болатын. Деректер 2022 жылдың бірінші тоқсанында берілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024