Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, Ұлттық банкке және еліміздің басқа да мемлекеттік органдарына жұмысын күшейтіп, инфляцияны мақсатты дәлізге қайтару қажет екенін тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
"Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтарудың маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған кешенді шаралардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды", - делінген бүгін тараған ақпаратта. Айта кетейік бүгін Ақордада Ұлттық банктің 2021 жыл қорытындысына арналған есебін тыңдалды.
Кездесу барысында президент ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 13,2%-ды құраған инфляциялық өсімге назар аударды. Негізі Қазақстанда инфляция 2022 жылы 4-6 пайыз болады деп болжанған. Кейін 8-10 пайыз деңгейінде белгіленді. Алайда соңғы кезде бұдан асып, 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең шекті мөлшерге жетті.
Президент аталған мәселелерді шешу үшін Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар, жиында белгілі болғандай долларлық депозиттер деңгейі 36,0 пайызға дейін төмендеп, мемлекеттік құнды қағаздағы нарықтық инвесторлардың үлесі 69,2 пайызға дейін көбейгені және халықтың қолма-қол ақшасыз төлем жасау операцияларының көлемі 73,1 триллион теңгеге дейін жеткен. 2021 жылы депозиттер 27,1 триллион теңгеге дейін, соның ішінде теңгемен салынған депозиттер 17,3 триллион теңгеге дейін өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024