Qazaqstan ұлттық телеарнасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбат туралы анонс жариялады.
«Ертең, 17 ақпанда сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси мәселелер туралы сұрақтарға жауап береді және әлеуметтік реформалар, сондай-ақ еліміздің негізгі сыртқы саясаттағы серіктестерімен қарым-қатынасы туралы айтады», - делінген аңдатпада.
Ұлттық арнаның тек қазақ тілінде ақпарат тарататынын ескерсек және трейлерге қарағанда сұхбат қазақ тілінде болады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Хабар 24» арнасына сұхбат берген еді. Вера Захарчукпен болған сұхбат әлеуметтік желіде апта бойы талқыланды. Желі қолданушылары арасында Президенттің қазақ тілінде сұхбат бермегенін сынға алғандар да болды.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұған арнайы жауап беріп, «Республикалық телеарналардан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Осыған байланысты Президент неге мемлекеттік емес, орыс тілінде сұхбат береді деген сауалдар келіп түсіп жатыр. Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған», - деп жазды.
Сондай-ақ, ол «отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады», деген еді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024