Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік ресми сапармен Түркияға ұшып барды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Түркия астанасы Анкара қаласының «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және өзге да ресми тұлғалар салтанатпен күтіп алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.
Кездесудің негізгі тақырыбы экономика болады. Екі ел арасындағы 10 миллиард долларлық сауда көлеміне жету үшін жасалатын негізгі қадамдар талқыланады. Сонымен қатыр, туризм, энергетика, денсаулық сақтау және қорғаныс өнеркәсібі сияқты ынтымақтастық салаларына баса назар аударылады.
Екі ел президенті Түрік Мемлекеттері Ұйымы аясында атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы кезеңде ұстанатын жол картасына тоқталады. Одан бөлек, 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей мен Украина соғысы да басты тақырыптардың бірі болмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024