Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Qatar Airways әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді 2019 жылдың аяғында бастайды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінде.
Органның мәліметінше, Доха (Катар) қаласында Қазақстан мен Катар авиациялық биліктерінің келіссөздері жүргізілді.
Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына жеті рейс, Алматы мен Доха арасында аптасына жеті рейс және жеті жүк рейсі, сондай-ақ Қазақстандағы "ашық аспан" режимін енгізу шеңберінде бесінші "ауа еркіндігі" дәрежесімен тұрақты жеті рейс орындау үшін құқықтық база бекітілді.
"Qatar Airways" авиакомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Аттидің ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейсті ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхат жасауға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024