Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – «ҚазАгро» холдингі» АҚ Халықаралық облигациялардың облигациялық бағдарламасын шығару проспектісі шеңберінде 2013 жылғы 23 мамырда бұрын шығарылған 961 500 000 АҚШ доллары сомасына 2023 жылы өтеу мерзімімен еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық сатып алу бойынша мәмілені табысты аяқтады.
2019 жылғы 22 қаңтарда Холдинг ағымдағы облигация ұстаушыларына доллармен кері сатып алу (buyback) және 2013 жылғы 8 мамырдағы Халықаралық облигациялардың облигациялық бағдарламасы шығарылымы проспектісі шеңберінде облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын толық өтеу туралы ұсыныс жасады.
Облигация ұстаушылардың 89,95%-ы Холдингтің ұсынысына қатысты және еурооблигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу үшін оң дауыс берді, осылайша Холдинг 961 500 000 АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды толық мерзімінен бұрын сатып алу үшін ұстаушылардың қажетті кворумын алды.
Осы мәміле жоспарлы болып табылады және Холдингтің сыртқы борыш мөлшерін қысқарту және Холдингтің валюталық тәуекелдерге ұшырауын азайту жөніндегі Холдингтің стратегиялық мақсаттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Осы сыртқы міндеттемелерді басқару стратегиясы шеңберінде бұрын, 2018 жылғы тамызда Холдинг 420 442 000 еуро сомасына еурооблигацияларды кері сатып алу бойынша мәмілелерді табысты жүзеге асырды.
Сонымен қатар, еурооблигацияларды ұстаушылардың ковенанттың мәнін (қарыз алушылар үшін арнайы міндеттеме) халықаралық купондық еурооблигацияларды шығару проспектілерінің ережелеріндегі 5-тен 8-ге дейінгі «Активтер/Капитал» мәнін арттыру бөлігінде олардың айналысының қолданыстағы шарттарына енгізуге келісімі алынды.
Осылайша, Холдинг меншікті сыртқы қарыз алу деңгейін айтарлықтай қысқартты, бұл сондай-ақ мемлекеттік борыштың жалпы деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізді. 2018 жылдың басынан бастап ағымдағы сәтте Холдинг 1,438 млрд. АҚШ долларына тең сыртқы берешекті жапты. 2019 жылғы мамырда шығару шарттарына сәйкес Холдингтің еурооблигациялары бойынша «еуро» валютасында 179,6 млн.еуро сомасындағы қарыз қалдығы өтелгеннен кейін Холдинг шығарылған еурооблигациялар шеңберінде өзінің сыртқы борышын толығымен жабады.
Еурооблигациялар бойынша мәмілелерді табысты аяқтау халықаралық инвесторлардың Холдингке және оның сыртқы міндеттемелерді басқару жөніндегі стратегиялық мақсаттарын түсінуге қолайлы қатынасын неғұрлым объективті көрсетеді.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Елнар Жолдасовтың айтуынша, сыртқы міндеттемелерді басқару бойынша мәмілелерді жүзеге асырудың дұрыс тетіктерін әзірлеу және таңдау барынша қысқа мерзімде және қаржы ресурстарының оңтайлы деңгейінде Холдингтің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету аясында міндеттемелерді басқару бойынша барлық қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024