Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығы министрлігіне «ҚазАгроның» қаржылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 33 млрд теңгеден астам қаражат беріледі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің қаулысында жазылған.
Құжатқа сәйкес, сома шұғыл шығындарға қарастырылған ақшадан бөлінеді.
"Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2019 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Үкімет резервінен "ҚазАгро" холдингінің облигациялар бойынша купондық сыйақының бір бөлігін төлеу жөніндегі шығындарын өтеу үшін 33 144 980 000 теңге мөлшерінде қаражат бөлінсін", – делінген құжатта.
Осы қаулының жобасын талқылау 2019 жылғы 12 желтоқсанға дейін өтеді.
Еске сала кетейік, сенаторлар холдингтің қиын қаржылық жағдайына қарамастан, қызметкерлері сыйақы алған "ҚазАгро" үшін шығындар мәселесін шешуді талап етті. Компания өз кезегінде дағдарысқа қарсы жоспарды ұсынды, оған сәйкес 1 мың қызметкер жұмыстан босатылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024