Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – Қазанда Халық банкінің акциялары айтарлықтай өсті.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 28 қыркүйек пен 31 қазан аралығында қаржы институтының қағаздары 12,31%-ға өсті. Олардың құны шамамен 105,09 теңгеге белгіленді.
Жасыл аймақта KEGOC акциялары, есеп беру кезеңінде 3,55%-ға (1548 теңге) қымбаттады.
Ал қалған котировкалар аптаны минуспен аяқтады.
KAZ Minerals-тың бағасы бір айда 2399 теңгеге дейін төмендеді (-8,29%). Мұндай өзгеріс «ЦентрКредит Банкі» АҚ (-4,54%) және «Қазақтелеком» АҚ (-4,27%) акцияларында байқалды. Сондай-ақ, Kcell (-0,01%) және «ҚазТрансОйл» (-0,001%) құнды қағаздары біршама төмендеген.
Жалпы алғанда, KASE индексінің мәні бір айда 0,43% өсіп, 2204,81 пункті құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024