Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы қазанның соңында 12 776,4 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 595,7 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға 5 180,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды.
Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 8,3%-ды немесе 966,5 млрд теңгені құрайды.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 845,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер өзгерген жоқ, ал жеке тұлғаларға кредиттер 1,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 930,5 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,9%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 3,6%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қазанның соңында 77,1%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%).
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 917,5 млрд тенгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 859 млрд теңгеге дейін 1%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 421,2 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 19%) азайды.
Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15%), сауда (13,6%), құрылыс (6,3%), ауыл шаруашылығы (3,9%) және көлік (4,6%) сияқты салаларға тиесілі.
2018 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 17,3% (19,2%) болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024