Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Talantiz.com қазақстандық онлайн-платформасы ұсынған инновациялық кадрларды іріктеу әдістемесі Qazaq Air аймақтық әуекомпаниясына республика аймақтарынан келген үміткерлерге тең мүмкіндіктер ұсынуға көмектеседі.
Қызметкерлердің рекрутингіне жаңа көзқарасты енгізудің арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ге жуық үміткер ең романтикалық мамандық байқауына қатысты, ал жеті адам Qazaq Air авиакомпаниясының бортсеріктері штатын толықтырды.
«Talantiz.com платформасының жұмысында бізді инновациялық тәсіл мен кандидаттарды олардың бейне сәлемдесуі және онлайн тестілеу арқылы бағалау мүмкіндігін тартты», - деп атап өтті
Qazaq Air компаниясының адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Зарина Кашкимбаева.
Зарина Кашкимбаева онлайн іріктеу арқылы жеке сұхбатқа өздерінің құзыреттілігі мен жетістіктері негізінде үздік үміткерлер шақырылатынын, ал іскерлік қасиеттері тікелей әңгімелесу кезінде бағаланатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тәсіл рекрутер мен менеджерлердің уақытын үнемдеп қана қоймай, таланттарды іріктеудің тиімділігін арттырады және Qazaq Air құндылықтарына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, Qazaq Air әуе флотының ұлғаюын және халықаралық маршруттардың ұшырылуын күтуде. Ол үшін тасымалдаушы жаңа бортсеріктерді қабылдайды.
Айта кетейік, Qazaq Air әуекомпаниясы Атырау қаласында бортсерік позициясына онлайн байқау ашты. Кез келген адам осы іріктеуге, сондай-ақ Qazaq Air әуекомпаниясының басқа бос лауазымдарына конкурсқа қатыса алады.
«Talantiz.com платформасында өз бейнесәлемдесуіңізді тіркеңіз және Qazaq Air бос лауазымдарына жеке сұқбатқа келіңіз. Біз сіздерді күтеміз!»- деді әуекомпаниясының өкілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024